• Қазақша
  • Русский
  • English

«Құқықтану» кафедрасы бойынша ақпарат

«Құқықтану» кафедрасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің лицензиясына (серия АБ, № 0137378) сай 5В030100 – «Заңтану» мамандығы бойынша мамандарды даярлайды. Түлектерге «Құқық бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

ПОҚ туралы ақпарат:

«Заңтану» кафедрасында жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам жұмыс жасайды. Бүгінгі күні кафедрада ғылым докторлары мен кандидаттары, магистрлер қызмет етеді, олар: з.ғ.к. А.Б.Турекулов; м.ғ.д. (медицина ғылымдарының докторы), профессор Ж.Н.Сартаев; т.ғ.к., доцент С.Т.Садықов; з.ғ.к. А.А.Кушумбаев; з.ғ.к., доцент С.М.Кошекова және басқалары.

Кафедра оқытушылары ғылыми тәжірибемен белсене айналысады, Татулық, шиеленіс және медиация ҒЗИ-дің жұмысына қатысады, адвокаттық қызметпен айналысу құқығын беретін ҚР ӘМ-нің мемлекеттік лицензиясына ие. «Заңтану» кафедрасының меңгерушісі А.Б.Турекулова Халықаралық құқық Қазақстандық Ассоциациясы мен Білім беру сапасын бағалау еуразиялық Ассоциациясының мүшесі болып табылады. 

Кафедраның жақсы аудиториялық қоры, арнайы кабинеттері бар: криминалистики, криминалистикалық полигон, криминалистикалық фотозертхана, сот отырысына арналған зал.

Кафедра ашылғанна бері, жоғары білімі бар 5 мыңнан астам мамандарды түлеп шығарды, олар бүгінгі күні, әділет саласында тергеуші, прокуратура, сот, адвокатура, банк, фирма және мекемелердегі заң бөлімдерінің қызметкерлері ретінде қызмет етіп келеді.

Кафедра Ақмола Ішкі істер департаменті, аймақтағы сот органдары, Сот актілерін орындайтын департамент, нотариалдық кеңселер сияқты Ақмола облысындағы сот және құқық қорғау органдарымен белсенді түрде байланыс жасап келеді. 

«Қылмысты саралау теориясының негіздері» және «Құқық білгірі» студенттік ғылыми үйірмелері, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ынталандырады,  алған білім деңгейлерін арттырады.

 

Кафедра меңгерушісі:

Аян Бауржанұлы Турекулов

Заңтану ғылымдарының кандидаты

8-716-2-32-70-18

№324  ауд.

e-mail/ru:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Кафедраның білім беру қызметі:

Құқық бакалаврының қызметі құқықтық нормаларды жүзеге асыруға және қоғам өмірінің түрлі салаларындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған. 

5В030100 – «Заңтану» бағыты бойынша дайындық траекториясы:

- құқық қорғау қызметі;

- азаматтық-құқықтық.

Кафедраның ғылыми қызметі: Ғылыми зерттеу тақырыбы: «Құқықтық мемлекетті «2010-2020 жж. Құқықтық саясат тұжырымдамасы» тұрғысынан дамыту».

98

platonus