• Қазақша
  • Русский
  • English

«Е-learning-ді» қолдану арқылы қашықтықтан оқыту технологиясы

«Е-learning-ді» қолдану арқылы қашықтықтан оқыту технологиясы

Оқу үдерісінде қазіргі білім беру және инновациялық технологиялар кеңінен қолданылады, мультимедиялық компьютерлік сыныптар пайдаланылады. Жаңа инновациялық технологиялар мен әлемдік білім беру жүйесіндегі әдістерді тәжірибеге енгізбей отырып, заманауи академияның дамуы мүмкін емес. Тәжірибеден белгілі, мамандарды даярлау барысында ақпараттық технологияларды пайдалану дәріс және семинар сабақтардың тиімділігін арттырады. Сонымен бірге, ақпараттық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу уақыттың қорын анықтауға мүмкіндік береді, оны оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіре отырып, тиімді пайдалану арқылы студенттің танымдық белсенділігінің дамуын, өзіндік жұмыс дағдыларының қалыптасуын жеделдете түседі, сонымен бірге, студенттердің білімін бақылау барысындағы әділдіктің артуына жағдай жасайды. Мәліметтерді жоғары жылдамдықпен таратуға арналған «Ғаламтор» желісіне қосылғандар, локалдық есептеуіш желіні іске қосу зертханалық жұмыстар мен семинар сабақтарының орталықтандырылған басқарушылық өткізілуін қамтамасыз етеді. Компьютерлік жұмыс орындарының саны 320 бірлікке дейін жетті.

«Көкше» академиясының даму стратегиясы, басшылықтың халықаралық байланыстарды орнату жөніндегі қызметі халықаралық университеттік бірлестіктермен бірігуге және соның арқасында қосымша мүмкіндіктерге қол жеткізуге бағытталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, «Көкше» академиясында көпжылдық серіктестік қатынастар ретіндегі мықты базисі бар, оның нәтижесі ретінде әлемдегі түрлі мемлекеттердің университеттерімен арадағы білім беру, ғылыми және мәдени бағдарламаларды атауға болады. 

98

platonus