• Қазақша
  • Русский
  • English

«Тарих және жалпы білім беретін пәндер» кафедрасы бойынша ақпарат

«Тарих және жалпы білім беретін пәндер» кафедрасы орыс және қазақ тілдерінде «5В011400 – Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды даярлайды. Кафедраның ПОҚ-ы бакалавриат (Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану, дінтану, орыс, ағылшын тілдері, информатика, экология, ТҚН) пен магистратураның (тарих және философия; шет тілі, экология) мамандықтары бойынша Академияның факультеттерінде білім беру қызметін жүзеге асырады.

 ПОҚ туралы ақпарат:

«Тарих және жалпы білім беретін пәндер» кафедрасында жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам жұмыс істейді. Бүгінгі күні кафедрада ғылым докторлары мен кандидаттары, магистрлер қызмет етеді, олар: профессорлар В.Ф.Зайберт, К.С.Мусабеков, С.Д.Дильманов, Р.Ж.Абдулина, Р.С.Буктугутова, Т.А. Дронзина, В.Ю.Славецкий,  Г.К.Абдукаликова және т.б.

«Тарих және жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының білікті мамандарды даярлауға қажетті әлеуеті мен тәжірибесі бар.  «Тұран» студенттік ғылыми үйірмесі студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандырып, алған білім деңгейлерін арттырып отырады.

Сонымен қатар, ПОҚ пен студенттер директоры В.Ф.Зайберт болып табылатын Археология және мәденигенез ҒЗИ-дің жұмысына араласады. Жл сайын кафедра студенттері археология бойынша «Ботай», «Қошқарбай» археологиялық кешендеріне және «Кеңөткел» тұрағына оқу тәжірибесіне барады.

Кафедраның жақсы аудиториялық қоры, арнайы кабинеттері бар: Қазақстан тарихы кабинеті, Дүниежүзі тарихы кабинеті, Өлкетану кабинеті.     

Кафедра меңгерушісі

Роза Сабырқызы Буктугутова

Ресей Федерациясының тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

тел. 87162327018

№  202 Б ауд, Академияның

4-корпусы

е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Кафедраның білім беру қызметі:

Жалпы білім беретін мектептер, орта арнаулы және жоғары оқу орындары, халықтық білім берудің облыстық, қалалық және аймақтық бөлімдері; облыстық, қалалық және аймақтық әдістемелік орталықтар; облыстық, қалалық және аймақтық мәдени орталықтар; мемлекеттік, ведомстволық мұрағаттар; тарихи мұражайлар «5В011400 - Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлардың кәсіби қызметінің объектілері болып табылады.

Кафедраның ғылыми қызметі:

Ғылыми зерттеулердің тақырыптары:

1. Қошқарбай шатқалының ежелгі мәдениеті. Жетекшілері – т.ғ.д., профессор В.И.Зайберт, аға оқытушы Ә.Ж.Төлебаев.

2. Қазақстанның аймағында орналасқан КСРО СББМ, ІІМ түзеліс-еңбек лагерлері және олардың ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кеңестік мемлекеттің жазалау саясатын жүзеге асырудағы рөлі.  Жетекшісі – т.ғ.д., профессор С.Д.Дильманов.

 3. Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы тарихының мәселелері. Жетекшісі – кафедра меңгерушісі Р.С.Буктугутова.

98

platonus