• Қазақша
  • Русский
  • English

Спорт клубы

Дене шынықтыру қозғалысының негізгі буыны ұжымдық дене шынықтыру болып табылады. Спорт клубы дене шынықытрудың ұжымын ұйымдастырудың жоғарғы формасы болып табылады. Бұл атақ көпшілік дене және спорт жұмысы барысында қол жеткізген жетістіктері үшін (спорт базасының болуы, студенгттік жастарды дене шынықтырумен, спортпен айналысуға тарту) беріледі.

ЖОО-дағы спорт клубы қызметінің мақсаты – таңдалған мамандық бойынша жоғары өнімді еңбекке, дене шынықтыру мен спортты оқу-өндірістік қызмет барысында пайдаланып, енгізе алатын педагогтың тәрбие жұмысын жүргізуге, салауатты өмір салтын ұйымдастыруға дайын жан-жақты дамыған мамандарды тәрбиелеуге көмектесу.

Міндеттері:

1. Дене және моральдік ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, кәсіби дайындық, әлеуметтік белсенділік деңгейін арттыру;

2. Студенттердің бойында болуға тиіс қасиеттерді, кәсіби білім, икемділік, дағдыны қалыптастыру бойынша жоғары оқу орнындағы ректорат, департамент және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас орнату;

3. Көпшілік сауықтыру, дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

4. Спорт түрлері бойынша әуесқой спорттық бірлестіктер, клубтар, секциялар мен командаларды құру;

5. Дене шынықтыру және спорт, салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақыттың мазмұнды, пайдалы өтуін ұйымдастыру.

98

platonus