• Қазақша
  • Русский
  • English

Экология магистратурасы

6М060800 - «Экология» мамандығы бойынша магистратура

«Көкше» академиясы Сіздерді 6М060800 – «Экология» мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға шақырады.

«Көкше» академиясындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының қызметі 2010 жылдың 11 мамыры күні берілген АБ сериясы № 0137378 мемлекеттік лицензиясының негізінде ҚР БжҒМ-ның білім және ғылым саласын бақылау бойынша комитетімен жүзеге асады, қызмет ету мерзімі – шексіз.

Бүгінгі күні Академия екі бағыт бойынша магистранттарды дайындайды:

* Бейінді, оқыту мерзімі 1 жылдан кем болмауы керек (1-1,5 жыл);

* Ғылыми және педагогикалық, оқыту мерзімі – 2 жыл.

Бейінді магистратура экология, табиғатты пайдалануды басқару және қоршаған ортаны қорғау саласында тереңдетілген кәсіби дайындығы бар кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.

Ғылыми және педагогикалық магистратура тереңдетілген ғылыми-педагогикалық дайындығы бар жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми сала жүйесіне арналған ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асырады. Ғылыми және педагогикалық бағыттың түлегі жоғары оқу орнында сабақ беруге құқылы.

Магистратурада тек қана күндізгі бөлім негізінде білім алуға болады.

Магистратурадағы білім беру бағдарламаларын тиісті мамандықтар бойынша докторлар мен кандидаттар жүзеге асырады.

Магистратураға оқуға түсу үшін келесідей емтихан түрлерін тапсыру қажет:

3. Шет тілі;

4. Мамандық бойынша кешенді емтихан.

Магистратураға түсу үшін тапсырылатын емтихандар

1-20 тамыз аралығында өтеді,

25 тамызға дейін оқуға қабылдау жүргізіледі


Құжаттар төмендегі мекенжай бойынша 10-30 шілде аралығында қабылданады: Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 247-үй, анықтама телефондары: 8 (716 2) 32-70-18.

Web-сайт: http://koksheacademy.kz/

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. , Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттарды тапсыру қажет:

1. Ұйым жетекшісінің атына өтініш;

2. Жоғары білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3. (TOEFL ITP, Niveau C1/деңгейі С1, DSH, Niveau С1/ деңгейі С1, TFI - B1 деңгейінен төмен болмауы керек және т.б.) бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда)

4. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке парақшасы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

5. 3х4 см. көлеміндегі 6 фотосурет

6. 086-У формасы бойынша медициналық анықтама

7. Жеке куәліктің көшірмесі

8. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда)

9. Шетел тілі бойынша тестілеуге төлегені туралы түбіртек (түпнұсқасы)

98

platonus