• Қазақша
  • Русский
  • English

«Дизайн» кафедрасы бойынша ақпарат

«Көкше» академиясындағы «Дизайн» кафедрасы 2005 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан берілген лицензияға сай  құрылды. «Дизайн» кафедрасы 5В042101 – «Сәулет дизайны», 5В042100 – «Кескін дизайны», 5В042103 – «Өнеркәсіп дизайны» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын игерген және диплом жобасын қорғаған тұлғаларға 5В042100 «Дизайн» мамандығы бойынша «Дизайн бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

 2010 жылы 17 студенттен құралған университеттің алғашқы бітірушілері түлеп шықты. «Дизайн» кафедрасының негізін қалаған – педагогика ғылымдарының кандидаты Қайролла Идаятұлы Қамбаров.

«Дизайн» кафедрасында жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам жұмыс істейді. Бүгінгі күні кафедрада ғылым докторлары мен кандидаттары, магистрлер қызмет етеді, олар: т.ғ.к. Ш.Ж.Қасым, п.ғ.к., Дизайнерлердің Еуразиялық одағының мүшесі К.И.Қамбаров,  п.ғ.к. Т.М.Қазанғап, т.ғ.к. Д.С.Дюсенбинов, т.ғ.к. А.А.Жұмағұлова, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Өнер академиясының мүшесі, Дизайнерлердің Еуразиялық одағының мүшесі Г.С.Мұғжанова; ҚР Мәдениет қайраткері, Дизайнерлердің Еуразиялық одағының мүшесі О.С.Корнева, ҚР Мәдениет қайраткері, Дизайнерлердің Еуразиялық одағының А.А.Косцова  және т.б.

Кафедрада оқу шеберханасы мен базалық пәндерге арналған бөлмелер бар: көркем сурет, сурет, мүсін, композиция, компьютерлік графика, архитектуралық жобалау зертханасы, сонымен қатар киім дизайны бойынша шеберхана, көркем материалдарды фрезерлік-компьютерлік өңдеу зертханасы, сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберханасы. Кафедра оқытушылары ғылыми-практикалық конференцияларға, қалалық, облыстық және ресупбликалық көрмелерге белсене қатысады. Кафедра оқытушылары дизайнерлік ұжымдармен шығармашылық байланыс жасайды: ҚР Суретшілер одағының аймақтық бөлімі, «Дизайн-Сити», «Экспресс-Принт» дизайнерлік студиялары, қалалық сәулет бөлімі, «Дизайн-Экспресс» (Степногорск қаласы) және т.б.

 «Дизайн»кафедрасының меңгерушісі

Қайролла Идаятұлы Қамбаров

 педагогика ғылымдарының кандидаты,  

Дизайнерлердің Еуразиялық одағының мүшесі,

ҚР дизайнерлері одағының мүшесі

№ 317 ауд.

(e-mail) Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Кафедраның білім беру қызметі:

Кафедраның білім беру қызметі эстетикалық және жобалық дамуға, білім беру субъектілерін халық және әлем мәдениеті мен өнерінің жинақталған құндылықтарына, дизайнерлік қызметтің қазіргі теорияларына  тарта отырып оқыту және тәрбиелеуге бағытталған.

Кафедра төмендегідей траекториялар бойынша жұмыс жасайды:

- Сәулет дизайны

- Кескін дизайны

- Өнеркәсіп дизайны

Кафедраның ғылыми қызметі:

«Дизайн» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы – «»Дизайн» мамандығы студенттерінің оқу қызметін активтендірудің жаңа әдістері мен құралдарын қолдану»

98

platonus