«Психологиялық-педагогикалық пәндер» кафедрасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің лицензиясына сай екі мамандық бойынша мамандарды даярлайды: 5В010200 - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» , 5В010300 - «Педагогика және психология».
ПОҚ туралы ақпарат:
«Психологиялық-педагогикалық пәндер» кафедрасында жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Бүгінгі күні кафедрада ғылым докторлары мен кандидаттары, магистрлер қызмет етеді, олар: псих.ғ.д., профессор Ә.Х.Кукубаева; пед.ғ.к., профессор М.Г.Субханкулов; пед.ғ.к. В.П.Кривошеев; пед.ғ.к. Е.А. Дмитриенко; пед.ғ.к. Т.Б.Иванова; пед.ғ.к. М.Х.Хасенова және т.б.
Білім беру саласы – 5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы түлектерінің кәсіби қызмет саласы болып табылады. Жалпы білім беретін мектептер, шағын жиынтықты мектептер, гимназиялар мен лицейлер түлектердің кәсіби қызметінің объектілері болып табылады.
Білім беру мекмелеріндегі оқу-тәрбие үдерісін жобалау; тәрбиеленушілердің жеке және ілеуметтік дамуы мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеулер, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, дамушы және түзетуші бағдарламаларды, білім беру қызметін жасау – 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы түлектерінің кәсіби қызмет саласы болып табылады.
Кафедра оқытушылары кәсіби және ғылыми қызметпен белсене айналысады, Татаулық, шиеленіс және медиация ҒЗИ-дің іс-шараларына қатысады.
Кафедраның жанында Психология, педагогика және әлеуметтік зерттеулер ҒЗИ-і қызмет етеді, оның қызметі психология, педагогика мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу, ҒЗЖ және СҒЗЖ-ны үйлестіру, Ақмола облысыныдағы жалпы білім беретін мекемелерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Кафедра меңгерушісі:
Әсия Хайрошқызы Кукубаева
Психология ғылымдарының докторы, профессор.
Телефон: (87162) 32-70-18.
Е-mail: Kukubaeva Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Кафедраның білім беру қызметі:
Білім беру бағдарламаларын құрастыру бойынша кафедраның қызметі оқу үдерісін жетілдіруге, оны нарықтық экономика мен еңбек нарығына сай келтіру, жоғары білім берудің еуропалық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған.
«5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бағыты бойынша дайындық траекториясы:
1. «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, бала психологиясы».
2. «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, тәрбие жұмысын ұйымдастырушы».
«5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша:
1. «Педагогика және психология, әлеуметтік педагогика».
2. «Педагогика және психология, практикалық психолог және әлеуметтік қызмет».
Кафедраның ғылыми қызметі.
Ғылыми зерттеу тақырыбы: «Білім беру саласындағы психология және педагогика».

