Жедел жастар жасағы – жастардың қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша ерікті халық жасақтарының жұмысына қатысуының бір түрі. «Көкше» академиясындағы Жедел жастар жасағы студенттер мен кәмелетке толмаған жастардың арасындағы құқық бұзушылық пен ұсақ қылмыстың алдын алу бойынша полиция қызметкерлеріне көмек көрсету мақсатында құрылған болатын.
Мақсаттары:
1. Ішкі істер органдарының (ІІО) міндеттерімен және қызметтерімен таныстыру;
2. ІІО-нің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, ережелер мен басқа да құжаттарды зерттеу;
3. ЖЖЖ мүшелерінің кестеге сай кезекшілікке шығуы;
4. Полиция қызметкерлерімен бірге, көшеде және басқа да қоғамдық орындарда тыныштық орнату;
Міндеттері:
1. Қаладағы көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру барысында тыныштық жағдайды орнатуда көмек көрсету;
2. Көпшілік демалатын орындарында қоғамдық тәртіпті күзетуге қатысу (парк, түнгі клубтар және т.б.);
3. Ұсталған адамдарды тергеуге алу жұмыстарына қатысу;
4. Есепте тұрған кәмелетке толмаған жеткіншектермен жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу;
5. Құқық бұзған адамдарды полицияға әкелу барысында көмек көрсету;
6. Полициямен бірге дискотека, клуб, барлар мен басқа да қоғамдық орындарға тәртіпті орнату мақсатында түнгі жорыққа шығу.

