• Қазақша
  • Русский
  • English

Көпдеңгейлі білім беру бағдарламалары

Болон үдерісін жүзеге асыру

«Өмір бойы оқу»

Лицей-колледж-бакалавриат-магистратура деңгейіндегі білім беру бағдарламаларының артықшылықтары.

Дублин дескрипторы мен қазақстандық еңбек нарығындағы талаптарға сай көпдеңгейлі модульдік білім беру бағдарламалары.

- Білім беру бағдарламаларының талап етілуі

Білім беру бағдарламалары үздіксіздік және сабақтастық ұстанымының негізінде Дублин дескрипторы мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай білім беру бағдарламалары зерттемесінің еуропалық үлгісін тиімді енгізу мақсатында жасалады.

Дублин дескрипторына сай білім беру бағдарламаларын қалыптастыру барысында білім беру бағдарламасын жетілдіру үдерісін 1-суретте келтірілген үлгі ретінде көрсетуге болады:  

1-сурет

Бұл үлгіде еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып, білім беру бағдарламасының кіріс пен шығыстағы қалыптасу үдерісі көрсетілген. Жоспарлау, ұйымдастыру, талдау, мониторингті оқу-әдістемелік кеңес жүзеге асырады.  Оқыту үдерісін ұйымдастыру барысында Оқу-әдістемелік кеңес білім беру бағдарламаларының тұрақты дамуының мониторингін үйлестіреді. Білім беру траекториясын үнемі жетілдіріп отыру жылда жоспарланады.

Еңбек нарығындағы қажеттіліктерді талдау. Академияда аймақтағы кадрлардың тапшылығын болжау жұмыстары жүргізіледі.  Білім беру бағдарламасы еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып қалыптасады және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек.

2013 жылғы еңбек нарығындағы қажеттіліктерді талдау нәтижелері, біздің жоғары оқу орны даярлайтын мамандардың талап етілуі бүгінгі күні де сақталғанын көрсетеді.

Білім беру бағдарламаларының талап етілгенінің дәлелі. Академиядағы оқу-әдістемелік кеңестің отырыстарында білім беру бағдарламаларының талап етілгені туралы мәселелер қарастырылады. Еңбек нарығындағы мониторинг жүзеге асып, әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер, кәсіби бірлестіктерге кеңес беру арқылы (сауалнама, сұхбаттасу және т.б.) аймақтық деңгейдегі белгілі бір мамандықтар мен мамандану бағдарламалары деген қажеттіліктер анықталды. Аталған жұмыстың нәтижелері бойынша мамандықтарды оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, талап етілмеген мамандықтардың бірқатарына лицензиялары қайталырып берді.

Ағымдағы оқу жылында оңтайландыру жөніндегі жұмыстар еуропалық үлгідегі білім беру бағдарламаларын қалыптастыру жүйесін пайдаланудың нәтижесінде жалғасатын болады.

Қамқоршылық кеңесінің жұмысы – ұсыныстар. Академияда Қамқоршылық кеңесі құрылды, Болон үдерісіндегі ережелерге сай ол арқылы жұмыс берушілер білім беру бағдарламасын жасауға және болашақ мамандардың құзіреттіліктерін қалыптастыруға тартылады.

 - Білім беру бағдарламаларының траекториялары

Білім беру бағдарламаларының траекторияларын анықтау үшін департамент басқармасының қызметкерлерімен және ведомстволармен, Ақмола облысындағы кәсіпорын мен мекеме қызметкерлерімен, сонымен бірге академияның студенттерімен және практиканттарымен әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі (сауалнама, сұхбаттасу және т.б.).

Оқу-әдістемелік кеңестің шешімімен білім беру бағдарламаларының траекториялары анықталды.

Педагогикалық мамандықтағы білім беру бағдарламаларының бейінін анықтауға тоқталайық. 

2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жоғары оқу орындарында болашақ бейінді мектептерге арналған мамандарды даярлауды қарастырады. Академия аймақтық деңгейдегі жоғары оқу орны болып табылады және көбінесе, Ақмола облысына арналған кадрларды даярлайды.

Ақмола облысындағы көптеген мектептер – шағын жиынтықты болып келеді. Облыста 519 шағын жиынтықты мектеп қызмет етеді, ол мектептердің жалпы санының 81%-ын құрайды. Шағын жиынтықты мектептің негізгі мәселесі жиынтық-сыныптарды біріктірумен бірге, мұғалімді даярлаудағы тар мамандану (бір пәндік), толық оқу жүктемесін қамтамасыз ете алмаушылық болып табылады.

Қазіргі жіктемеге сай бакалаврларды даярлау жүйесі интегралданған жоқ және шағын жиынтықты мектептердің талаптарына жауап бермейді. Педагогикалық кадрларды даярлаудағы екінші бейінді дайындық – аймақтағы шағын жиынтықты мектептерге арналған кадрларды даярлау.

Осылайша, академиядағы педагогикалық мамандықтарға арналған білім беру бағдарламалары екі бейінді ескере отырып жасалады:

- бейінді мектепті ескере отырып, білім беру мектебіне арналған ұстаздарды даярлау

- шағын жиынтықты мектептерді ескере отырып, жалпы білім беретін мектептерге арналған ұстаздарды даярлау.

Бейінге сай білім беру бағдарламаларының траекторияларын анықтау

Білім беру бағдарламасының бейініне байланысты бағдарламаның ішінде бағдарламаны дамытудың білім беру траекториялары анықталды. Жұмыс берушілердің ұсыныстары академияның оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланды, жұмыс нәтижелері бойынша жаңа білім беру траекториялары, жаңа элективті курстар ұсынылды.

Оқу-әдістемелік кеңестің шешімімен білім беру бағдарламаларының бейіндері анықталды.

Педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларының бейіндерін анықтауға тоқталайық.

2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жоғары оқу орындарында болашақ бейінді мектептерге арналған мамандарды даярлауды қарастырады. Академия аймақтық деңгейдегі жоғары оқу орны болып табылады және көбінесе, Ақмола облысына арналған кадрларды даярлайды.

Ақмола облысындағы көптеген мектептер – шағын жиынтықты болып келеді. Облыста 519 шағын жиынтықты мектеп қызмет етеді, ол мектептердің жалпы санының 81%-ын құрайды. Шағын жиынтықты мектептің негізгі мәселесі жиынтық-сыныптарды біріктірумен бірге, мұғалімді даярлаудағы тар мамандану (бір пәндік), толық оқу жүктемесін қамтамасыз ете алмаушылық болып табылады.

Қазіргі жіктемеге сай бакалаврларды даярлау жүйесі интегралданған жоқ және шағын жиынтықты мектептердің талаптарына жауап бермейді. Педагогикалық кадрларды даярлаудағы екінші бейінді дайындық – аймақтағы шағын жиынтықты мектептерге арналған кадрларды даярлау.

Осылайша, академиядағы педагогикалық мамандықтарға арналған білім беру бағдарламалары екі бейінді ескере отырып жасалады:

- бейінді мектепті ескере отырып, білім беру мектебіне арналған ұстаздарды даярлау

- шағын жиынтықты мектептерді ескере отырып, жалпы білім беретін мектептерге арналған ұстаздарды даярлау.

Бейінге сай білім беру бағдарламаларының траекторияларын анықтау

Білім беру бағдарламасының бейініне байланысты бағдарламаның ішінде бағдарламаны дамытудың білім беру траекториялары анықталды. Жұмыс берушілердің ұсыныстары академияның оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланды, жұмыс нәтижелері бойынша жаңа білім беру траекториялары, жаңа элективті курстар ұсынылды.

- ECTS жүйесі бойынша кредиттерді қайта тапсыру

Теориялық оқытудағы бір қазақстандық кредиттің еңбек сыйымдылығы бакалавриаттағы білім алушылардың аудиториялық сабақтары мен өзіндік жұмыстарын ескере отырып 45 жұмыс сағатын құрайды, бейінді магистратурада – 60 сағат, ғылыми және педагогикалық магистратурада – 75 сағат, докторантурада – 105 сағат. 

Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету және еуропалық білім беру кеңістігіндегі білім беру бағдарламаларын мойындау (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлері) үшін қазақстандық кредиттерді ECTS кредиттеріне қайта есептеу қажет.

ECTS шеңберіндегі академиялық кредит – аудиториялық сабақта да, өзіндік жұмыс барысында да пәнді оқытудың көп еңбекті қажет ететін өлшемі. Бір ECTS кредиті 25-30 академиялық сағатқа тең. Аудиториялық сабақтан басқа жалпы оқу жүктемесі білім алушылардың келесідей өзіндік оқу жұмыс түрлерін қамтиды: эссе, рефераттар, курстық жұмыстар (жобалар), зертханалық жұмыстар, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаудың түрлері бойынша дайындық, материалдарды жинау және диплом жұмысын жазу (жоба).

ECTS бір оқу жылындағы оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын 60 кредитке бағалайды (бір семестрде білім алушы 30 кредит, ал триместрде – 20 кредит жинайды). Оқу жылының ұзақтығы 30 аптаны құрайды және 6 аптасы емтихан (қорытынды бақылау) тапсыруға бөлінеді. 

Еуропалық елдерде бакалавр дәрежесін алу үшін оқытудың ұзақтығы үш жылдан төрт жылға дейін созылады және 180-240 есептік кредиттік бірлікті алуды қажет етеді. 

Қазақстан Республикасындағы кредиттерді ECTS кредиттеріне айналдыру аударым коэффициентінің негізінде жүзеге асады. ECTS кредиттерін Қазақстан Республикасындағы кредиттерге айналдыру әр пәннің және білім беру бағдарламасының деңгейі бойынша 1 ECTS кредитінің толтырылуына байланысты ECTS кредиттерін аударым коэффициентіне бөлу арқылы жасалады:

1) бакалавриат үшін – 1,5-1,8-ке дейін;

2) бейінді магистратура үшін – 2-ден 2,4-ке дейін, ғылыми және педагогикалық – 2,5-тен 3-ке дейін;

3) докторантура үшін – 3,5-тен 4,2-ге дейін.

Сонымен бірге кредиттер бірлік бойынша қалыптасады.

Курстық жобалардың (жұмыстардың) еңбек сыйымдылығы пәннің жалпы еңбек сыйымдылығына кіреді. 

Қазақстан Республикасындағы кредиттерді ECTS кредиттеріне ауыстыру әр пәннің және білім беру бағдарламасының деңгейі бойынша 1 Қазақстан Республикасы кредитінің толтырылуына байланысты Қазақстан Республикасының кредиттерін 74 пунктте көрсетілген аударым коэффициентіне көбейту арқылы жасалады. 

Осындай аударым коэффициенттері теориялық оқыту (аудиториялық сабақтар мен өзіндік жұмыс есепке алынады) кредиттерін ауыстыру үшін пайдаланылады.

Оқу жұмысының басқа түрлері боынша кредит санын ауыстыру төмендегідей коэффициенттердің көмегімен 74 пункттегідей жүзеге асады:

- тәжірибе: оқу – 0,5-0,6 шамасында, педагогикалық – 1-1,2 шамасында, өндірістік – 2,5-3 шамасында, зерттеу – 4-4,8 шамасында;

- магистранттың ғылыми (эксперименталдық) - зерттеу жұмысы – 4-4,8 шамасында;

- білім алушының қорытынды аттестациясы – 3,2-4,5 шамасында.

Жоғары оқу орындары ЖОО бойынша және факультеттерде ECTS координаторларын тағайындайды.

ЖОО-дағы ECTS координаторы ECTS-нің ұстанымдары мен механизмдерінің қатаң сақталуын қадағалайды, сонымен бірге, ЖОО-дағы барлық құрылымдық бөлімшелердің координаторларының жұмысын үйлестіріп, бақылайды. 

ECTS координаторы білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамға ECTS-нің тәжірибелік және оқу аспектілері бойынша кеңес береді.

ECTS бағасының шәкілі бес жағымды бағадан («А»-дан бастап «В»-ға дейін), түзетуге болатын «FX» бағасынан және «F» бағасынан тұрады. 

Қазақстан Республикасындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін балдық-рейтингілік әріптік жүйеге негізделген білімді бағалау жүйесі кредиттердің берілуін көздейтін он жағымды бағадан («А»-дан бастап «D»-ға дейін) және бір қанағаттандырарлықсыз, яғни «F» бағасынан тұрады.

ECTS бойынша бағаларды білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне және кейін ауыстыру осы Ережедегі 3-4 қосымшаларға сай жасалады. 

 - Құзіреттер мен Дублин дескрипторын есепке алғандағы модульдің каталогы

Кафедра қызметкерлерінің кәсіби бірлестік өкілдерімен жасаған жұмыстарының нәтижесінде оқыту нәтижелеріне сипаттама беріліп, студенттің бойында болуға тиіс құзіреттер қалыптасты. 

Құзіреттердің орындалуын қамтамасыз ететін пәндердің анықтамасы

Мамандықтың типтік оқу жоспарында ұсынылған пәндердің тізімін, сонымен бірге, элективті пәндерді анықтау барысындағы вариативтілік тәжірибесін ескере отырып, тиісті білім беру бағдарламасына арналған құзіреттіліктің орындалуын қаматамасыз ететін пәндердің тізімі жасалды.  

Пәндерді модульдерге біріктіру. Әрбір модуль білім беру бағдарламасының дербес бөлігі (логикалық аяқталған) болып табылады.

Пәннің құзіреттілігін ескере отырып, анықтау барысында бакалавриаттың ББМЖМС-ы, еңбек нарығындағы өкілдер мен академия түлектерінің пікірі есепке алынды.

Бейін бойынша модульдердің каталогын қалыптастыру. Білім беру бағдарламасының бейініне сай модульдердің каталогтары әзірленеді. Каталогта модульдің атауы, пәннің коды, қысқаша мазмұны, оқытушының аты-жөні, тегі, кредит, семестр саны, пререквизиті, постреквизиті, құзіреттілігі көрсетіледі.

Аймақтағы қажеттіліктерді ескере отырып құрылған, мамандықтардың білім беру бағдарламаларының тізімі

№ р/р Шифр Мамандық Білім беру бағдарламасының атауы
1. 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш мектептегі информатика
2. 5В010300 Педагогика және психология Педагогика және психология
Педагогика және психология, әлеуметтік педагогика
3. 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ тілі мен әдебиеті, негізгі мектептегі шетел тілі
4. 5В010800 Дене шынықтыру және спорт Дене шынықтыру
Дене шынықтыру, Дене шынықтыру және спорт менеджменті
5. 5В011400 Тарих Тарих, дінтану
Тарих, география
6. 5В050800 Есеп және аудит Есеп және аудит, экономикадағы ақпараттық технологиялар
Есеп және аудит, экономиканың тұрақты дамуы
7. 5В050900 Қаржы Қаржы, экономикадағы ақпараттық технологиялар
Қаржы, экономиканың тұрақты дамуы
8. 5В090200 Туризм Турагенттік және туроператорлық қызмет
Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі
9. 5В030100 Заңтану Экономика саласындағы құқықтық қамсыздандыру
Құқық қорғау қызметі
10. 5В042100 Дизайн Кескін дизайны
Архитектуралық дизайн

Каталогтар үнемі жаңартылып, жыл сайын еңбек нарығының талаптарына сай әзірленіп отырады.  Осылайша, сәтті білім беру бағдарламасының маңызды бөлігі – жұмыс берушілердің оны жобалауға қатысуы.

 - Ақпараттық пакеттер

Оқытудың кредиттік технологиясы студенттің еркін қозғалысының білім беру траекториясын қарастырады. Студентке кредиттік технологияға сай білім беру үшін, оған ақпараттық пакет ұсынылады. 

Ақпараттық пакет негізгі болып табылады, себебі, ол оқу бағдарламалары бойынша қажетті ақпаратты ұсынып, оқу басталғанға дейін студенттерге қолжетімді болады. Ақпараттық пакет төмендегілерден тұрады: академия туралы жалпы ақпарат, академияның атауы мен мекенжайы, академиялық күнтізбе, жалпы сипаттама, ұсынылатын оқыту бағдарламаларының тізімі және және қабылдау және шығару тәртібі, мамандықтар бойынша оқыту бағдарламалары туралы ақпарат, кафедраның ПОҚ-ы, жекелеген пәндердің юниттері, сонымен бірге, студенттер үшін қосымша ақпарат:

Студенттің жеке оқу жоспарын жасау

Әр студенттің жеке білім беру траекториясы студенттің жеке оқу жоспарын (ЖОО) анықтайды. ЖОО-ны дайындаудың түрі, құрылымы мен тәртібі өздігінен анықталып, академияның оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылды.

Жеке оқу жоспары пәннің атауы, коды, кредит саны, аудиториялық сағат, СӨЖ сағаты мен қорытынды бақылау түрлерінен құралады.

Оқу жылына оқу жұмыс жоспарын жасау. ҚОЖ-ның негізінде оқу жұмыс жоспары қалыптасады.

 - Білім беру бағдарламалары тұрақтылығының мониторингі

Тұрақты даму әлеуеті мен Дублин дескрипторы мен еңбек нарығындағы талаптарға сай білім беру бағдарламаларының қалыптасуының тиімділігі жыл сайын өткізілуі керек.  

98

platonus