«Жайнар» студенттік қайырымдылық бірлестігі – қоғамның игілігіне бағытталған, студенттердің брлескен күші. Аталған бірлестікке қатысу, жастардың, яғни, «Көкше» академиясы студенттерінің жүрегінде рақымдылық, қайырымдылық, жақсылық пен махаббат сезімін тәрбиелейді. Жақсы іс жасау қолдан келмесе де, бірақ ықылас-ниет пен талпыныстың өзі адамның жан дүниесін тазартып, жақсартады.
Мақсаты:
1. Ерікті қызметті ұйымдастырудың бірыңғай жүйесін жасау;
2. Мұқтаж адамдарға ешқандай мақтау, марапат, ынталандырусыз-ақ көмек көрсету;
3. Жеке материалдық және рухани қажеттіліктерді өздігінен қамтамасыз ете алмайтын жеке тұлғаларға көмектесу;
4. Денсаулық сақтау саласын дамытуға көмектесу.
Міндеттері:
1. Қайырымдылықпен айналысатын адамдардың басын біріктіру және олардың игі істерінде оларға көмек көрсету, сонымен қатар, қайырымдылық туралы енді ғана ойланып жүрген және ол туралы көбірек білгісі келетін адамдарды ақпараттандыру.
2. Қоғамда «ақылды қайырымдылық қызметті» дәріптеу, оның тиімділігін арттыру.

