• Қазақша
  • Русский
  • English

«Туризм және спорт» Кафедра бойынша ақпарат

«Туризм және спорт» кафедрасы 5В090200 «туризм», 5В010800 «дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің лизенциясына (Серия АБ, № 0137378)  сай бакалаврларды даярлайды.

ПОҚ туралы ақпарат:

«Туризм және спорт» кафедрасында туризм және спорт саласында мамандарды даярлайтын оқытушылар қызмет етеді. Кәсіби пәндер циклі бойынша оқу үдерісін ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылар жүзеге асырады. Мамандық бойынша дайындық жүргізетін профессорлық-оқытушылық құрамның барлығының бейінді жоғары білімі мен туризм және спорт саласындағы жұмыс тәжірибесі бар. 

Кафедраның құрамында ғылым кандидаттары, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушылары,  шахмат бойынша халықаралық гроссмейстер, Спорт саласының құрметті қызметкерлері және жоғары біліктілік санаты бар оқытушылар қызмет етеді.  Ғылым кандидаттары М.А.Титова, З.С.Мырзахметова, К.К.Тұрлыбеков, С.Ш.Шумековтар халықаралық, аймақтық, қалалық конференция, шеберлік сыныбы мен дөңгелек үстелдердің  белсенді қатысушылаыа болып табылады.  

Кафедраның жақсы аудиториялық қоры, арнайы кабинеттері бар: туризм географиясы, спорт туризмі, қонақжайлылық, көп сатылы жарыс, жеңіл атлетика  индустриясы; заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған спорт залдары мен оқу-жаттықтыру кабинеттері. «Туризм және спорт» кафедрасының жанында «Жеке-батыр» қонақ үй кешенінің негізінде «KAZAKHSTAN» Туризм және қонақжайлылық жоғары қонақ үй мектебі бар.

Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі сан қырлы. Ол оқытушылар мен студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу қызметтерінің бірлігінен құралады. Оқытушылардың осындай сан қырлы қызметі кафедраның ҒЗИ-на жағымды әсер етеді, оқытушылар мен студенттердің ғылыми және шығармашылық әлеуетін арттырады. 

 

  Кафедра меңгерушісі: 

Титова Мария Александровна,

География ғылымдарының кандидаты

№ 202 ауд., № 2 корпус

e-mail:   Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Кафедраның білім беру қызметі:

Туризм бакалаврының қызметі ғаламдық контекстегі халықаралық туризмнің рөлін тереңінен түсінуге, сонымен қатар, туризм жүйесі мен стратегиясына сараптама жасауға бағытталған.

5В090200 Туризм бағыты бойынша дайындық траекториясы:   

– «Туроператорлық және турагенттік қызметтерді ұйымдастыру» ;

– «Туризмнің территориялық ұйымы»;

Дене шынықтыру және спорт бакалаврының қызметі білім беру үдерісінің субъектілері мен тұрғындардың түрлі топтарын, тұлғаны дене шынықтыру және спорт құндылықтарын игеруге тарту арқылы дамытуға, оқытуға және тәрбиелеуге бағытталған.    

Келесідей бағыттар бойынша дайындық траекториясы бар:

– «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі»;

– «Таңдаулы спорт түрінен жаттықтырушы».

Кафедраның ғылыми қызметі:

Кафедраның ғылыми-зерттеу тақырыбы: «Ақмола облысындағы туризм мен спортты аймақтық ұйымдастыру және дамыту мәселелері мен болашағы».

98

platonus