«Таза қала» экологиялық бірлестігінің негізгі мақсаты – тазалық, қаланың жағдайына деген жеке жауапкершілік мәдениетіне ғана әдеттендіру емес, жастардың бастамасымен экология мәселелеріне қала тұрғындарының назарын аударту болып табылады.
Мақсаты:
1. Тірі табиғатты сақтау және экологиялық ағарту ісіне көмектесу.
2. Ақмола облысындағы табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалануға көмектесу.
3. Қоғамдық және мемелекеттік табиғатты қорғау ұйымдары мен мүдделі тұлғаларды үйлестіру.
4. Тұрғындардың экологиялық тәрбие мен білім алуына көмектесу.
5. Академия студенттерінің арасында экологиялық мәдениетті дамытуға көмектесу.
Міндеттері:
1. Табиғатты қорғау бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу.
2. Ғылыми зерттеулер жүргізу.
3. Экологиялық акция, конференция, семинарлар мен экспедициялар өткізу.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қалалық, облыстық, аймақтық және халықаралық бағдарламаларға қатысу, түрлі ұйымдармен байланысты дамытуға септігін тигізу.

