«Көкше» академиясындағы жастар ісі жөніндегі комитет
Академиядағы Жастар ісі жөніндегі комитет студенттердің білім беру үдерісін басқаруға қатысу, студенттік жастардың тіршілік әрекетіндегі маңызды мәселелерді шешу, олардың әлеуметтік белсенділігін дамыту, әлеуметтік бастаманы қолдау және жүзеге асыру құқықтарын жүзеге асыру мақсатында құрылған болатын.
ЖІК органдары қызметінің мақсаттары:
- азаматтық мәдениет, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың әлеуметтік кемелденуі, дербестігі, өзін-өзі ұйымдастыруы мен өздігінен дамуына көмектесу;
- студенттер мен магистранттардың академияны басқаруға қатысуының құқықтары, білім беру үдерісі сапасының бағалануының жүзеге асуын қамтамасыз ету;
- студенттердің бойында өзін-өзі басқару дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру, олардың қоғам өміріне жауапкершілікпен қатысуы;
ЖІК-тің міндеттері:
- сткденттерді жоғары білікті мамандарды даярлаумен байланысты мәселелерді шешуге тарту;
- студенттердің ғылыми және кәсіби қызығушылықтарын ескере отырып, білім беру үдерісінің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жасау;
- студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- студенттіктің демократиялық дәстүрлерін сақтау және дамыту;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында студенттердің бос уақытын ұйымдастыруда білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде академиядағы басқару органдарына көмектесу;
- Білім беру үдерісінің шеңберінде іс-шаралар өткізуге ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелеріне көмектесу;
- студенттердің саналылығын және олардың өздерінің білімдеріне деген талаптылығын арттыру, мүліктік кешенді ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу, Академияның рухы мен дәстүріне патриоттық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін өткізу;
- студенттерді Академияның қызметі туралы ақпараттандыру;
- ЖОО аралық, аймақ аралық және халықаралық байланыстарды нығайту;
- қазақстандық қоғамды дамытудағы шынайы күш және стратегиялық ресурс ретіндегі студенттік жастар туралы қоғамдық пікірді қалыптастыруға қатысу;
- қоғамдық маңызды жастардың бастамасын жүзеге асыруға көмектесу.

