• Қазақша
  • Русский
  • English

Туризм мамандығы

5В090200 Туризм

Туризм мамандығы бойынша бакалавриат түлегіне «Туризм бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Туризм мамандығының білім беру бағдарламаларының траекториялары:

- туроператорлық және турагенттік қызметтерді ұйымдастыру;

- Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі;

- Рекреация және спорттық-сауықтыру туризмі

«Туроператорлық және турагенттік қызметтерді ұйымдастыру» №1 тректориясы бойынша күтілетін мамандықтар: туристік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардағы туризмді дамыту мәселелері жөніндегі мамандар; турлардың бағдарламаларын жоюалау, туристік өнімді сату, басқарушылық, сервистік қызметті ұйымдастыру жөніндегі маман; инфрақұрылым нысандарының менеджері; туристік бейіндегі консалтингілік компаниялар мен туристік кәсіпорындардың маркетингілік қызметтері жөніндегі кеңесші.

«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» №2 траекториясы бойынша күтілетін мамандықтар: қонақ үй кешенінің әкімшісі; SPA орталықтың менеджері; банкетті қызметтің менеджері; орналастыру жөніндегі менеджер; брондау жөніндегі менеджер; клиентермен жұмыс жасау жөніндегі менеджер; мейрамхананың менеджері; метрдотель; қонақ үй басқарушысы; хостес.

«Рекреация және спорттық-сауықтыру туризмі» №3 траекториясы бойынша күтілетін мамандықтар: гид – белсенді туристік маршруттардың жетекшісі; фитнес жөніндегі нұсқаушы; туризм жөніндегі нұсқаушы; өлкетану жөніндегі маман; туризм жөніндегі менеджер; бос уақыт пен белсенді демалыстың ұйымдастырушысы; рекреация және спорттық-сауықтыру туризмі жөніндегі маман; спорт нұсқаушысы; жаттықтырушы; экскурсия жетекшісі.

5В090200 «Туризм» мамандығы бойынша бакалавриат түлектері кәсіби қызметтің келесідей түрлерін орындай алады: жобалық; өндірістік-технологиялық; ұйымдастырушылық-басқарушылық; сервистік; ғылыми-зерттеу.

Білім беру бағдарламасы түлегінің біліктілік сипаттамасы

Кәсіби қызмет саласы

- туризмді ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік басқару органдары (министрліктер, әкімшіліктер, олардың аймақтық бөлімшелері мен құрылымдары);

- туристік, қонақ үй және мейрамхана бизнесімен айналысатын мемлекеттік және жекеменшік компаниялар;

- туристік бейіндегі консалтингілік компаниялар;

- туристік кәсіпорын, қонақ үй және мейрамхана кешендерінің маркетингілік қызметтері;

- туризс инфрақұрылымының нысандары;

- туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі бойынша мамандарды даярлайтын оқу орындары.

Қос дипломды білім беру

Қос дипломды білім беру – болашақ маманның табысты кәсіби және әлеуметтік бейімділігін қамтамасыз етуге арналған білім беру мекемелері мен жұмыс берушілердің өзара тығыз қарым-қатынасының өнімі. «Жекебатыр» қонақ үй кешенінің негізіндегі «Көкше» академиясының «KAZAКHSTAN» Туризм және қонақжайлылық мектебінің, сонымен бірге, «Жазира- TRAVEL» туристік фирмасының шеңберінде білім алушы оқу үдерісінің бастапқы кезеңінен-ақ бөлінген ресурстарды қызметтік міндеттерге сай жұмсайтын, кәсіби дағдысы бар, белгілі бір жағдайда еңбекақы алатын кәсіпорын қызметкері ретінде өндірістік үдеріске араласады.

Оқыту түрі: күндізгі, сырттай.

Оқыту мерзімі: 4, 3, 2 жыл

Оқыту тілдері: қазақ, орыс


Байланыс мәліметтері:

Кәсіби бағдар беру бөлімі - 8-(7162)-33-42-82, +7-701-742-38-84

Оқу-әдістемелік орталық - 8-(7162)-32-61-40

Қабылдау бөлмесі - 8-(7162)-32-70-18

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


Кабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттарды тапсыру қажет:

-Ректордың атына өтініш (үлгі бойынша),

-Білім туралы құжат (түпнұсқа)

-086-у, 063-у үлгісі бойынша медициналық анықтама,

-3х4 көлемді 6 фотосурет,

-Жеке куәліктің көшірмесі,

-ҰБТ сетрификаты, КТ.

98

platonus