«Көкше» академиясындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлықты жоспарлау және ұйымдастыру барысында келесідей нормативтік құжаттар пайдаланылады:
- ұтқырлық бағдарламасы бойынша шығатын студенттердің өтініші;
- ұтқрлық бағдарламалары бойынша оқыту туралы келісім;
- оқыту туралы транскрипт;
- ақпараттық пакет (курстардың каталогы).
Академия жоғары оқу орнындағы ECTS-ні пайдалану жөніндегі негізгі құжат болып табылатын ECTS үлгісі бойынша кредиттерді қайта тапсыру тәртібін әзірлеп, бекітеді.
Ұтқырлық бағдарламасын кеңейту үшін академия тарапынан Ақпараттық пакет (ары қарай АП)– курстардың каталогы әзірленеді.
АП мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде дайындалады.
АП академиядағы маңызды салаларды сипаттайды – академиялық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ғылыми және қосымша ақпарат (спорттық-көпшілік іс-шаралар, мәдени-демалыс қызметтері, материалдық-техникалық база).
АП-де академияның төмендегідей негізгі бөлімдеріне сипаттама беріледі:
1) академия туралы жалпы ақпарат;
2) оқыту бағдарламалары туралы ақпарат;
3) білім алушыларға арналған қосымша ақпарат.
АП-ның «ЖОО туралы жалпы ақпарат» атты бірінші бөлімінде академия туралы қысқаша сипаттама беріледі – атауы мен мекенжайы және Web-сайт; тарихы мен жетістіктері, мәртебесі, академияның құрылымы (басшылық, академиялық және қосалқы бөлімшелер), дайындық бағытының тізімдері, академияда оқуға қабылдау және тіркеу ережелері мен тәртібі, алдағы оқу жылына арналған академиялық күнтізбенің сипаты (мерекелік күндер мен демалыстарды қоса алғанда), білім беру бағдарламаларын қабылдау ережелері және ECTS координаторының аты-жөні, тегі.
Университет корпустарының орналасу картасын қоса тіркеу ұсынылады.
АП-ның екінші бөлімі - «Оқыту бағдарламалары туралы ақпарат» бөлімінде төмендегілердің сипаттамасы беріледі:
1) оқыту деңгейі (сатысы);
2) мамандықта оқуға арналған шарттар (талаптар) және оқытудың белгілі бір кезеңінде академиялық дәреже алу үшін қажетті кредиттердің жалпы саны;
3) оқыту мамандықтары мен оқу жоспарының сипаты;
4) жекелеген мамандық бойынша оқытылатын әр пән бойынша;
5) мамандық бойынша оқыту аяқталғаннан кейін берілетін дәреже.
Курстардың каталогында әр пәннің пререквизиттері, пәннің мәртебесі, сонымен бірге, мамандықтың оқу жоспарына сай кредиттердің саны көрсетіледі.
Курстардың каталогында әрбір оқытылатын пәннің мақсаты мен міндеттері, әдебиеттер тізімі, оқыту әдістері, бағалау саясаты, оқыту тілі, аты-жөні, тегі, әр пән бойынша дәріскерлердің аты-жөні, тегі сипатталады.
Үшінші бөлім – академияда білім алатындарға арналған қосымша ақпарат. Бұл бөлімде келесідей бағыттар бойынша мәліметтер беріледі: білім алушыларды орналастыру (өмір сүру жағдайы мен төлемақысы), тамақтану құны, медициналық қызметтер, физикалық және басқа да кемшіліктері бар студенттерге арналған жағдайлар, студенттерге арналған қаржылық көмек (гранттар, стипендиялар), студенттік кеңсенің жұмысы, оқытуға арналған материалдық-техникалық база (кітапхана, компьютерлік зертханалар), халықаралық бағдарламалар, спорттық секциялар, білім алушылардың бос уақытын өткізу үшін жасалатын жағдай, студенттік қауымдастықтар.
Білім алушының өтінішінде жіберген жоғары оқу орнының атауы мен толық мекенжайы, департамент пен академиядағы академиялық ұтқырлық бағдарламасының координаторының аты-жөні, тегі, сонымен бірге, студент туралы жеке ақпарат (аты-жөні, тегі, туған күні, тұрғылықты жері, байланыс мәліметтері) көрсетіледі.
Өтініште білім алушылардың ұтқырлық бағдарламасына қатысуының уәждемесі туралы ақпарат, шет елдегі оқыту тілі бойынша біліктілік деңгейі туралы мәлімет, жұмыс тәжірибесі, шет елде білім алуға грант алу мүмкіндігі туралы белгі көрсетіледі.
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқытуға келісім беру, студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу үдерісін реттейтін негізгі құжат болып есептеледі және ағылшын тілінде толтырылады.
Қабылдаушы жоғары оқу орны білім алушыны академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға қабылдауға келсімін берген жағдайда, үшжақты келісімге қол қойылады: қабылдаушы ЖОО, білім алушы және жіберуші ЖОО.
Білім алушының академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алғанын дәлелдейтін қорытынды құжат – ағылшын тілінде толтырылатын оқыту туралы транскрипт.
Оқыту туралы транскриптіне оқыту бағдарламасы (пәннің коды) туралы мәліметтер, пәннің атауы, пәнді оқыту ұзақтығы (жыл,с еместр, триместр), оқудағы бағасы (ұлттық және ECTS шәкілі бойынша) , ECTS кредиттерінің саны енгізіледі.
Толық оқыту бағдарламасы бойынша сәтті білім алған жағдайда, степендия беру туралы белгі жасалады.
Оқыту туралы транскриптіде оқыту бағдарламасының саласы туралы анықтамалық (қосымша) мәліметтер көрсетіледі: ЖОО-дағы бағалау жүйесінің сипаты; ECTS бағалау жүйесі; оқу жылы, семестр, триместрдегі ECTS кредиттерінің саны.

