• Қазақша
  • Русский
  • English

Үзіліссіз кәсіби тәжірибе

Үзіліссіз кәсіби тәжірибе

ҚР-дағы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 2011-2020 жылдардағы жоғары білім беру жүйесінің негізгі міндетін «Еңбек нарығының талаптарын, елдің, тұлғаның индустриялық-инновациялық дамуының міндеттерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибеге сай келетін жоғары білім берудің сапасына қол жеткізу» деп есептейді.  

2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасына қатысты іс-шараларды жүзеге асыра отырып,  академия өзінің жұмысын білім беру жүйесіндегі барлық субъектілерге бағыттайды, ол өз кезегінде, бірыңғай білім беру саясатын жүргізуге мүмкіндік береді, аймақтағы білім беру жүйесін дамытудағы үйлеспеушілік және бірыңғай білім беру және ақпараттық кеңістікті қалыптастыру мәселесінің шешілуін қамтамасыз етеді.

Мамандарды даярлаудағы кәсіби бағдарламаларды арттырудың маңызды бөлігі – студенттердің кәсіби тәжірибесі болып табылады.

Теориялық тұрғыдан тәжірибеге дайын, бейімделген және өзінің кәсіпқойлығына шынайы баға алған түлек ЖОО-да алған білімін өзінің кәсіби қызметінде тәжірибені ұйымдастыру және өту үдерісі формалды емес, шығармашылық тұрғыдан және үлкен жауапкершілікпен орыдалған жағдайда ғана нәтижелі түрде пайдалана алады. 

Академияда нормативтік құжаттарға және жаңа технологиялардың енгізілуіне сай кәсіби тәжірибенің ұйымдастырылуын үнемі жетілдіру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі. 

ББМЖМС-ға сай жыл сайын келісімшартқа отырады да, педагогикалық тәжірибе бойынша оқу жылы басталғаннан екі ай бұрын және өндірістік тәжірибе бойынша оқу жылы басталғаннан бір ай бұрын және ҚР-дың БжҒМ-де бекітілген, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру жөніндегі типтік келісімшарттың түріне сай 2012 жылдың 23 тамызында №1080 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді.

Тәжірибе базалары екжақты келісімшартқа қол қойылғаннан кейін ректордың бұйрығымен бекітіледі.

2014-2015 оқу жылындағы академиялық күнтізбелерді кәсіби тәжірибе және еңбекке орналастыру бөлімі құрастырды, кәсіби тәжірибе бірқатар мамандықтарға оқу үдерісінен қол үзбей, соңғы курстарға сегізінші семестрде ұйымдастырылады.

Болон үдерісінің ережелеріне сәйкес, тәжірибе жөніндегі оқу жұмыс бағдарламалары еңбек нарығындағы өкілдермен (әлеуметтік серіктестермен бірлесіп жасалған негізгі құзіреттіліктерді ескере отырып, тәжірибе жөніндегі жұмыс бағдарламаларын жетілдіру) келісіледі.

2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, «Жоғары білім беру жүйесінде педагогикалық және техникалық мамандық студенттеріне кеңейтілген өндірістік тәжірибе енгізіледі».

2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және болон үдерісінің ережесі шеңберінде академияның әлеуметтік серіктестермен арадағы байланысты кеңейту жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылды.

Барлық мамандықтар үшін диплом алды тәжірибе енгізілді. Соңғы курс студенттерінің тәжірибеден өтуі барысында, тәжірибені ұйымдастыруда жүйелілік және бірізділік тәсілі қарастырылады. Тәжірибеге бөлген кезде, тәжірибе базаларының, эксперименталдық алаңның, тәжірибе және диплом жұмысының ғылыми жетекшісінің сай келуі ескеріледі. Соңғы курста кәсіби тәжірибеден өтуді ұйымдастыру шешімі диплом жұмыстарының тақырыптарын тәжірибе базаларымен және тәжірибе басшылығының диплом жұмыстарының басшылығымен сай келуін реттеуге мүмкіндік берді.  Тәжірибені ұйымдастыру жөніндегі осындай инновациялық тәсіл студенттерге теориялық материалдың барлығын игергеннен кейін, диплом жұмыстарын тәжірибе базаларында орындау барысында дұрыстап дайындалуға мүмкіндік береді.

Кәсіби тәжірибе ұстаздардың қызметін жандандыруға және білім берудің ұлттық үлгісін жетілдіру жағдайында теориялық білімді практикалық дағдыға біріктіруге бағытталады.

Әлеуметтік серіктестердің тізімі

р/р

Шифр Мамандық Әлеуметтік серіктестер
1 5В010200 Педагогика  и методика  начального  обучения

Қазақ  лицейі

№18 ОМ ММ,  Көкшетау қаласы

2 5В010300 Педагогика  и психология

«Көкше» колледжі, Көкшетау қаласы

 «Жұлдыз» ҚБ

 «Казақ саңыраулар қоғамының» Ақмола облысындағы филиалы 
3 5В011700 Казахский  язык  и литература

Ақмола  облысы  Мәдениет  басқармасының «М.Ғабдуллин музейі» МКМ

Ақмола  облысының  М.Жұмабаев  кітапханасы

4 5В010800 Физическая  культура и спорт

«ОСДЮШОР» ММ,

Көкшетау қаласы,

Ақмола  облысы

5 5В011400 История

«Красный Яр ауылдық округындағы әкімнің аппараты» ММ

Көкшетау қаласы,

«Археология және мәденигенез ғылыми орталығы»  Көкшетау қаласы

Ақмола облысы бойынша «Жастар ресурстық орталығы»

6

5В030100

Юриспруденция

Ақмола облысындағы ІІД

Көкшетау қаласындағы ІІБ

7 5В090200 Туризм

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

«Трансавиа» ЖШС

Ақмола облысы, Көкшетау қ. «Круиз» ЖШС

8

5В050800

Учет и аудит

Ақмола облысы, Көкшетау қ. «Көкшетау Энерго Центр» ЖШС

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы «AGRIMER-ASTYK» ЖШС

Ақмола облысы, Зеренді ауданы «М.Ғабдуллин атындағы СОК» ЖШС

9

5В050900

Финансы

 «БТА-Банк» АҚ-ның Көкшетаудағы филиалы

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы «БанкЦентрКредит» АҚ 

Ақмола облысы, Көкшетау қ. « Халық Банкі»

 Ақмола облысы, Көкшетау қ.  «Цеснабанк» АҚ-ның Ақмола облысындағы филиалы

10 5В042100 Дизайн

  «Камирас» ЖШС

  Директоры Н.М.Иманжанов

Облыстық Суретшілер Одағы

Директоры Ю.Г.Попов

98

platonus