Көптілді білім беру
Бүгінгі күні еңбек нарығы мамандардың құзіреттілігі мен кәсіпқойлығына қатаң талап қояды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жоғары мектептің алдына күрделі міндеттерді қояды, оларды орындау үшін қазақстандық білім берудегі ең үздік дәстүрді сақтап, халықаралық стандарттарға сай келетін сапалы білім алуды қамтамасыз ету керек. Оған тек қана студенттердлің тілдік дайындық деңгейін арттыру, олардың бойынша лингвистикалық сананы тәрбиелеу барысында ғана қол жеткізуге болады.
Еліміздегі «Тілдердің үшбірлігі» жобасы қазақ тілінің мемлекеттік тіл, орыс тілінің – мемлекетаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамуын, ал ағылшын тілін әлемдік білім беру кеңістігіне табысты интеграциялау үшін қажетті тіл ретінде қарастырады. Бұл мәселелерді шешудің жолдары шілдеде болған «Қазақстан Республикасындағы көптілді білім беру: даму стратегиясы» атты республикалық кеңесте белгіленген болатын. ҚР-дағы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, «Нақты үштілділікке арналған негізгі үрдістер қалыптасып болды. Осы тілдерді біле отырып, біздің мамандар әлемде де, елімізде де бәсекеге қабілетті болады».

