• Қазақша
  • Русский
  • English

«Шапағат » би ансамблі

«Көкше» академиясындағы «Шапағат » би ансамблі студенттерді эстетикалық тұрғыдан жетілдіру мақсатында, олардың үйлесімді, рухани және физикалық дамуы, сонымен қатар, студенттік жастардың өзін-өзі жетілдіруі үшін құрылған болатын. Бимен айналысу адамға жан-жақты оң әсерін тигізеді.

Мақсаты:

1. Би өнері арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;

2. Білім алушылардың көркемдік талғамы мен музыкалық-би қабілеттерін дамыту;

3. Ұлттық сана-сезім мен жоғары рухани қасиеттерді қалыптастыру;

4. Би қабілеттері, икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

1. Биге қатысатын жастардың шығармашылық белсенділігін дамытуға жағдай жасау;

2. Студенттерді бидің мәдениетіне тарту, олардың бидегі тәжірибесін, би, орындау шеберлігі, сахынаның құрылымы, костюмдер туралы білімін байыту;

3. Физикалық мүмкіндіктерін, яғни, әдемі мүсінін, жүрісі мен координациясын бекіту;

4. Болашақта тұлғаның тұрақты моральдық бейнесін қалыптастыратын асыл сезімдерді тәрбиелеу.

98

platonus