• Қазақша
  • Русский
  • English

2015-2026 оқу жылына арналған қабылдау ережелері

Жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың типтік ережелері

1. Жалпы ережелер

1. Жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың типтік ережелері (ары қарай – типтік ережелер) Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 4 бабындағы 25) тараушасына сай құрастырылды.

2. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымына жалпы орта, техникалық және кәсіби (бастауыш және орта кәсіби, орта оқу орнынан кейінгі), жоғары (жоғары кәсіби) білімі бар тұлғалар қабылданады.

3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түсетін тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырын (білім беру грантын) орналастыру, сонымен бірге, азаматтардың өз қаражаты және басқа да қаражат көздерінің есебінен оқудың ақшасын төлеу арқылы жүзеге асады. Қазақстанда тұратын, бірақ азаматтығы жоқ адамдарға және Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақтарға, осындай деңгейдегі білімді олар алғаш рет алып жатқан жағдайда мемлекеттік білім беру тапсырысына сай конкурстық негізде тегін жоғары білім алу мүмкіндігі беріледі, әскери оқу орындары есепке алынбайды. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сай конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттарымен анықталады.

4. Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарына оқуға түсетіндерді ұлттық бірыңғай тестілеу (ары қарай - ҰБТ) немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттың балдарына сәйкес, конкурстық негізде, олардың өтініштері бойынша қабылдайды.

5. Кешенді емтихан жалпы орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы түлектеріне, техникалық және кәсіби (бастауыш, кәсіби орта, орта оқу орнынан кейінгі білім) білім беру ұйымдарының түлектеріне, мектеп оқушыларының шетелдегі халықаралық алмасуы бағдарламасы бойынша білім алатын жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне, қазақ және орыс тілінде білім алмаған жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының түлектеріне, сонымен бірге, оқу орнын шет елден бітірген түлектерге өткізіледі.

6. Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарына оқуға түсетін тұлғаларды ақылы оқу түріне жоғары оқу орындары қабылдайды. Техникалық және кәсіби, орта оқу орнынан кейінгі (колледж) білімі бар азаматтарды жоғары оқу орнына туыстас мамандықтарға ақылы түрде қысқартылған мерзім бойынша оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асады. Туыстас мамандықтардың тізімін білім беру саласындағы өкілетті органдар бекітеді. Жоғары білімі бар тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы түрде қысқартылған мерзім бойынша оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

7. Шет елдік азаматтарды мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімнің негізінде құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына қабылдауды жоғары оқу орындары өздігінен жүзеге асырады. Шет елдік азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы түрде қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін сауалнама түрінде жүргізіледі.

8. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға (ары қарай – шығармашылық қабілеттер) қабылдау арнайы немесе шығармашылық емтиханды (ары қарай емтихан) есепке алып жүзеге асады. Шығармашылық мамандықтардың тізімі және білім беру саласында өкілетті органдардың бұйрығымен бекітілген арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі. Шығармашылық емтихандарға өтініштерді 20 маусым мен 1 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына тапсыру қажет. Шығармашылық мамандықтарға оқуға түсетіндер бір ғана шығармашылық мамандықты көрсетеді.

9. Шығармашылық мамандықтарға оқуға түсетіндер өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы өткізетін шығармашылық емтихандарды тапсырады. Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өтеді. Шығармашылық емтихан бойынша максималды баллдың саны – 25. Шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем алған немесе емтиханға келмеген тұлғалар аталған мамандық бойынша кешенді тестілеуге жіберілмейді. Шығармашылық мамандықтарға оқуға түсетін тұлғалар үшін тестілеудің екі пәні бойынша жинаған балдары есепке алынады:мемлекеттік немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орындары он күннің ішінде білім беру саласындағы өкілетті органға шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сонымен бірге, шығармашылық емтиханды тапсыру туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.

10. Шығармашылық мамандықтарға, сонымен бірге, құқық қорғау және арнайы органдарға қарасты жоғары оқу орындарына оқуға түскен кезде, өтініштерді жоғары оқу орындары орналасқан жерде қабылдайды.

98

platonus