• Қазақша
  • Русский
  • English

Құрметті сайтқа кірушілер!

 

 

Сіздерді Қазақстанның Солтүстік аймағындағы алғашқы жекеменшік жоғары оқу орындарының бірі «Көкше» академиясының Web-порталаның парақшасында көруге қуаныштымын!

2015 жылы біз білім беру қызметі нарығындағы 22-жылдығымызды тойлағалы отырмыз. Академияда болашақ мамандарды оқыту сапасын қамтамасыз ететін кәсіби мамандардың ұжымы қалыптасқан. Оқытудың көпдеңгейлі жүйесі, білім беру бағдарламасы, мамандықтар мен маманданудың көптүрлілігі – Академияда мамандарды даярлаудың кең бейінін қамтамасыз етеді.  Біз бакалавриаттың 10 мамандығы және магистратураның 2 мамандығы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлаймыз. Жалпы білім беретін қазақ лицейі мен колледжден құралған, абитуриенттерді жоғары оқу орнына дейін дайындау жүйесі құрылып, тиімді жұмыс жасап келеді.

Ғаламтор-ресурстары біздің күнделікті өмірімізге баяғыдан еніп, коммуникацияның маңызды түйіні бола отырып, ақпараттық және білім беру ортасын дамытуда өз орнын алып отыр. Біздің сайттың жұмысының негізгі ұстанымы – ақпараттылық пен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге септігін тигізетін интерактивтілік.  

Біздің сайтқа академияның жұмыс күндері мен мерекелері туралы ақпарат енгізіледі: кафедралардың жұмысы, ғылыми және білім беру өмірі туралы, мәдени іс-шаралар, біздің жетістіктеріміз және өзінің ALMA MATER-нің тарихын жасайтын адамдар туралы. «Көкше» академиясының сайты – ол біздің студенттер мен оқытушылардың, Академия қонақтары мен абитуриенттердің кездесуіне арналған виртуалдық алаң. Бұл жерде Сіздер белгілі бір мәселе бойынша өзіңіздің көзқарасыңызбен бөлісіп, Сізді қызықтыратын сұрақтар, ұсыныстар мен шығармашылық идеялар бойынша ректордың блогына жаза аласыз.

Біздің сайтымыздың көмегімен, әрқайсыңыз болашақ таңдауларыңызды дұрыс жасай алатындарыңызға сенімдімін.

 

Сайтқа қош келдіңіздер!

Ректор Шоқан Жанатұлы Қасым

98

platonus